2016 жылғы 24 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануар дүниесін қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы №670 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы №670 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №51, №704-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.